ТЖМ өкілеттігі кеңейді
Төтенше жағдайлар министрлігі енді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік объектілер мен техникаларды жаңарту бойынша жиынтық жоспарларды келісуге жауапты болады.
ТЖМ вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне арнайы ғимараттар мен құрылыстар кешені, оқу-жаттығу полигоны, шаң және газды талдау зертханасы, арнайы техника, аппараттар мен құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуге тиіс.