Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қарсы алды.
Мемлекет басшысын күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.