Әлеумет

БҚО-да құтқарушыға пышақ жарақатын салған: күдікті ұсталды

Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды

Полицейлер су тасқынына байланысты жұмыстар кезінде төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерін пышақпен жарақаттаған Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы құтқарушының Қазталов ауданындағы ауруханада жатқанын хабарлады. Ол 31 наурызда сағат 18:00-де медициналық көмекке жүгінген. Ол арқасынан жарақат алған.

"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Оған қажетті ем қабылданып жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.