Қоғам

Шекара маңында жер сілкінісі болды

Қырғызстандық сейсмологтар Қазақстанмен шекаралас маңда жер сілкінісі болғанын мәлімдеді

25 шілдеге қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 02:40-та Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы маңында жер сілкінісі тіркелді.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад қаласынан солтүстік-батысқа қарай 38 шақырым жерде орналасқан.

Қазіргі уақытта қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілуі тіркелмеді.

Еске салайық, бұған дейін Алакөл маңында жер сілкінісі болды.  

23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Сондай-ақ, Өскемендегі жер сілкінісі кезінде сиреналар кеш қосылды. 

Төтенше жағдайдан кейін ШҚО-да жедел штаб құрылып, "жедел желі" жұмысын бастады.