Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен видеосын жариялаймын деп сынға қалды
- авторОймақ
- 24 шілде, 2025
- 56

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева АҚШ-тағы күнделікті өмірінен үзінді көрсетіп, Instagram парақшасында жаңа бейнежазба жариялады. Видеода өнер иесінің күйеуімен бірге Лос-Анджелес көшелерінде серуендеп жүрген сәттері бейнеленген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бейнематериал жарияланған сәттен бастап әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдіре бастады. Көпшілігі жылы лебіздерін жазып, өнер иесіне шынайы бақыт тіледі.
«Бақытты болыңыздар!»,
«Айгүл – өте көрікті, ақылына көркі сай әйел»,
«Махаббаттарыңыз баянды болсын!», - деп жазды олар.
Алайда жағымды пікірлермен қатар, сын айтушылар да табылды. Кей оқырман әншінің жұбайының келбеті мен мінезіне тиіскен.
– «Америкадан тапқан жарыңыз ұнамады. Балалары көп болса да Динара Сәтжан дұрыс күйеу тапты, күйеуіңіздің түрі де, қылығы да ұнамады. Уақытша қарым-қатынас сияқты»,
– «Күйеуіңіздің түрі де, қылығы да жат көрінеді»,
– «Бұлай ел алдына жиі шығу – жастық шаққа жарасар, сізге емес»
деген сарындағы пікірлер жазылған.
Кей қолданушылар Иманбаеваның ағылшын тілінде жазған жазбасын сынға алып, оны «өзін көрсетуге құмар» деп қабылдаған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Асе лақап атымен танымал Ninety One тобының мүшесі сүйіктісін көрсетті
- авторОймақ
- 24 шілде, 2025