Әлеумет

Автобус апатынан екі аяғынан айрылған қыз бала оңалту орталығынан шықты

"Қызымның жағдайы қазір жақсы, өзін қалыпты сезінеді".

Астанада автобустың қатысуымен болған жол апатынан аяқтарынан айырылған қыз бала оңалту орталығынан шығарылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында 7 жасар Алуа Бекеннің анасы қызының қазіргі жағдайы мен протезге дайындық қалай өтіп жатқанын айтқан.

Оның айтуынша, жақын арада Алуаға протез салуға дайындық басталады. Қыздың психологиялық жағдайы да тұрақты.

2 маусым күні кешке Астанада автобус бағанаға соғылып, салдарынан 15 жолаушы зардап шекті. Өкінішке қарай, 7 жасар қыздың аяқтарына ампутация жасалды.

Қалалық №1 автобус паркі өкілдерінің айтуынша, жүргізуші бағананы байқамай қалған. Жол-көлік оқиғасының сәті бейнебақылауға түсіп қалған: кадрда жолаушылар автобусы Республика даңғылы бойымен салыстырмалы түрде баяу жылдамдықпен қозғалып бара жатқаны көрінеді.