сейсенбі, 22 шілде, 2025 0:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды": Мөлдір Мұқан жазбасымен оқырманды ойландырып қойды

"Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды": Мөлдір Мұқан жазбасымен оқырманды ойландырып қойды
әлеуметтік желі
"Бұл ешқандай хайп емес".

Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқан желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды. Бұл туралы Oimaqnews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі отбасы мәселесіне қатысты жеке парақшасында видеоны бөлісті. 

"Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды. Жара жазылса да, ізі қалады. Жүрек бәрін ұмыта алмайды. Себебі ол енді бұрынғы емес. Кімге таныс жағдай?" – деп жазды Тұрсынбек Қабатовтың әйелі.

Көпшілік продюсердің жазбасын жеке өмірімен тығыз байланыстырып жатыр. Өйткені әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші әйелмен тұрып жатыр деген қауесет тараған еді. 

“Мөлдір, егер сен хайп жасасаң, халықты мазақ етсең, онда сен алаяқ қатарына қосыласың. Олай елді өзіме қаратамын деп мазақтауға болмайды. Халық саған ойыншық емес айналайын", "Не деген арзан хайп", "Отбасындағы проблеманы бүкіл елге жариялау не әдет?!" – деп жазды жұрт.

Алайда Мөлдір Мұқан “Бұл ешқандай хайп емес” деп ақталды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар