Қоғам

Қытай полициясы пранк түсірген қазақстандық блогерге қатысты тексеріс бастады

Қазақстандық блогер Гуанчжоуда пранк түсіремін деп жазаға тартылуы мүмкін. Жергілікті басылым блогерге қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді.

Sohu басылымының дерегіне сәйкес блогер алдын ала танысымен келіскен. Ол метрода танысының телефонын қалтасынан суырып, бөгде адамдарға алуды ұсынған. Кейін телефон жоғалып кеткендей кейіп танытып, өтіп бара жатқан адамдарды "ұры" деп атаған. 

Сонымен қатар көшеде келе жатқан ер адамдардың қолынан ұстаған. Желі қолданушылары қыздың жігіттің бөксесінен ұстауын өрескел әрекет бағалаған екен. Жігіт басқа орынға отырғысы келгенде, білегінен ұстаған. 

Блогер мұны "әлеуметтік эксперимент" деп атағанымен, қытайлық желі қолданушылары қыздың әрекетінде сексуалды азғындық белгілері барын жазыпты. 

Сондай-ақ блогер адамдарды рұқсатынсыз түсірген. Бұл әрекеттер бірден бірнеше заңды бұзған болуы мүмкін. 

Жергілікті басылымның мәліметінше барлық Қытай платформаларында блогердің контетіне тыйым салынып, видеолары өшірілген. Ал Гуанчжоу полициясы тексеріс бастады.