
Мекеменің мәліметінше, "Медеу" спорт кешені маңындағы ресми алаңнан тікұшақ алдын ала берілген өтінім бойынша жоспарлы ұшуды орындаған. Ал әуе бортын біліктілігі расталған тәжірибелі ұшқыш басқарған.
– Ұшу алдында борт механигі азаматтарға қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігі туралы ескерту жасаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшу кезінде жел жылдамдығы күрт артып, бағыты өзгерген, бұл әуе кемесінің шайқалуына әсер етуі мүмкін. Оқиғаның себептері ішкі тексеру аясында анықталып жатыр. Жедел ден қою бригадасы әуе кемесін тексеріп, техникалық ақаулар анықталған жоқ, – делінген "Қазавиақұтқару" АҚ хабарламасында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.