Руханият

Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті

85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай дүниеден өтті

Бұл туралы Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған, көрнекті лирик ақын Исраил Сапарбайдың артында сұлу сазды әндері, қазақ поэзиясының қоржынына мұра болған өлеңдері және өз оқырманын тапқан пьесалары қалды.