жұма, 22 қараша, 2024 14:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

19 балуан – 1 ғана медаль – Қыдырбек Рысбек

19 балуан  – 1 ғана медаль – Қыдырбек Рысбек
фото: ашық дереккөз
Дзюдошыларымыз әлемдік деңгейдегі жарыстардан көбіне олжасыз қайтып жүр.

"19 балуан – 1 ғана медаль

Тағы да жерге қарадық" деп жазды белгілі публицист Қыдырбек Рысбек facebook парақшасында. Ол: "Біздің дзюдошылар бұл жолы да оңдырмады. 29-31 наурызда Түркияда болған «Үлкен дулыға» бәсекесінде 8 жігіт, 11 қызымыз белдесіп, бұйырғаны – 1 ғана қола медаль.

Ең сорақысы: 8 жігіттің бесеуі бірінші белдесуде жығылған. Бұл не масқара?! Екеуі екінші белдесуде ұтылды. Тәжірибелі Ғұсман Қырғызбаев екі қарсыласын жеңіп, үшінші кезекте сүрінді.

Қыздардан Әбиба Әбужақынова 5 жекпе-жектің төртеуін сәтті аяқтап, қола медальға ие болса, 7 бірдей қызымыз алғашқы белдесуде қарсыластарына есе жіберіп қойды. Толғанай Әбеуова мен Бақыт Құсақбаева екінші айналымда ұтылса, Маргарита Гриценко үшінші кезекте сәтсіз күресті.

Мұндай азусыз, дәрменсіз күрес бірінші рет болса, үндемес едік. Дзюдошыларымыз әлемдік деңгейдегі жарыстардан көбіне олжасыз қайтып жүр.

Жанымыз күйген соң амалсыз жаздық. Қазақ балуандарының жығыла-жығыла жеңіліске еті өліп кеткен тәрізді! Баяғы тау суындай буырқанған ұлттық рух қайда?! Октябрь Жарылғапов, Қабден Байдосов, Қазбек Байболов, Керей Қойшыбектер негіздеген ғылыми жүйе қайда?! Жеңіле-жеңіле жұрттан ұят болды дейтін ар-ұят, жаныңды оттай қуыратын қымбат сезім қайда қалды?! Біз осы қайда кетіп барамыз?!" деп жазады. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар