жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркиядағы сайлау: оппозиция күш алды

Түркиядағы сайлау: оппозиция  күш алды
www.takvim.com.tr
Түркияда 31 наурыз, жексенбі күні өткен жергілікті сайлауда ұзақ жылдардан кейін тұңғыш рет республикашылдар басымдыққа ие болды. Елдегі ірі қалалардың тізгіні оппозицияның қолына көшті.

Түркиядағы жергілікті сайлауларда әдетте қалалар мен елдімекендердің әкімдері,  уәкілетті органдар өкілдері  сайланады. Мұндай сайлауда 81 аймақ, 973 аудан мен 390 қала, қалашық  мэрлері мен 50 мың 336 ауыл әкімі таңдалады. Қазіргі таңда 81 аймақ  пен 30 ірі қаланың  басшыларының кімдер болатыны анықталып қойды.

31 наурыз күні өткен сайлауда басты бәсеке билік басындағы  «Әділет және даму» партиясы  мен  республикашыл көзқарастағы «Республикашыл халық партиясы» арасында өтті.  Биліктегі партия  22 жылдан кейін жергілікті сайлауда  оппозициядан  аз дауыс жинады.

Түркия орталық сайлау комиссиясының  деректеріне қарағанда  дауыс беру жәшіктерінің 99,81%-і ашылған.  Алдына ала   жарияланған нәтижеге сенсек 62 млн 430 мың 934 сайлаушының  78,38%-і дауыс  беріпті.  Сайлаушылардың 37,74%-і  «Республикашыл халық партиясына» дауыс берсе, 36,49%-і «Әділет және даму»  партиясын жақтаған.  Осылайша 22 жылдан кейін оппозиция басымдыққа ие болды.

Жергілікті сайлауда Түркияның 30 ірі қаласының 14-інің  мэрі республикашылдардан сайланды. Биліктегі  партияға 12 қаланы басқару бұйырыпты. Сонымен қатар 81 аймақтың 21-іне басшы болып республикашылдардың өкілі сайланған.  Биліктегі «Әділет және даму» партиясы Ыстамбул, Анкара, Измир,  Адана,  Анталия,  Бурса, Ескішехир қатарлы ірі қалалардың тұрғындарына сөзін өткізе алмағанға ұқсайды. Бұл қалаларда билік  республикашылардың  қолына өтті. Осылайша Түркияның батыс және оңтүстік басты аймағы  тұтастай кемалистерді жақтайтынын байқатты. Елдің  еуропалық бөлігіндегі бірде-бір қалада  билік апртиясының өкілдері  мэр болып сайлана алмады. Тек Кыркларелі қаласында ғана «Ұлтшыл қозғалыс» партиясының өкілі жеңіске жетіпті.

Әрине,  сайлау нәтижелері  ресми түрде толық жарияланған жоқ. Дегенмен енді саяси күштер арасындағы баланс өзгере қоюы неғайбыл.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар