Әлеумет

Бүгін еліміздің біраз аумағында күн ашық болады

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, еліміздің қалған аймақтарында жауын-шашын жаумайды.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында 35-39 градус, Қызылорда облысында 40 градус, Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық болады.

Астанада күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +21+23°C, түнде желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +30+32°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +36+38°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.