Қоғам

Синоптиктер 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады.

Найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады.

Қазгидромет мәліметіне сәйкес, еліміздің қалған аймақтарында жауын-шашын жаумайды.
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында 35-39 градус, Қызылорда облысында 40 градус, Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық болады.

Астанада күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +22+24°C, түнде желдің жылдамдығы 2-9 м/с, күндіз 15 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +29+31°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +35+37°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.