Спорт

Ақмарал Ерекеш әлемдік брендпен келісімге отырған алғашқы спортшы

Бұл туралы бапкері Меруерт Төлегенқызы айтты.

Ақмарал –  Sasaki әлемдік брен­дімен келісімшартқа отырған алғашқы шетелдік спортшы, дейді бапкер Меруерт Төлегенқызы "Айқын" газетіне берген сұхбатында.

. ООның айтуынша, оның сахнадағы мінезі, еңбекқорлығы, шеберлігі көптің назарын аударды. Әсіресе, өзін-өзі ұстауы, әр нө­мірін толық алып шығуға ұмтылысы талай­ды тәнті етті. Басшылар  оның әртістік қа­бі­леті, сахнада ұшып жүргендей еркін қи­мылдауы да брендтің болмысын аша­тынын түсінді. Sasaki-дің тұңғыш рет ше­тел­дік гимнастпен келісімшартқа отыруы –  бұл қазақ спорт­шысының халықаралық аренадағы беделі артып келе жатқанының нақты дәлелі. Бұл жол басқа да жас спорт­шыларға шабыт бе­реді деп сенеміз. Алды­мен, аталған бренд менімен байланысқа шығып, ұсыныс білдірді. Федерацияға, басшылыққа жақсы жа­ңалықты жеткізіп, нәтижелі жұмыс еке­ніне көз жеткіздім. Одан кейін Ақмаралдың өзіне хабарладым. Ал алғашында не сенерін, не сенбесін білмеді. Біз де шәкіртіміздің қуанышына барынша ортақтасуға тырыстық.