Саясат

Қуантыров жаңа қызметке келді

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі  Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды. Кенжебек Ибрашевтің орнын алмастырып,  енді ол Kazenergy-ді басқарады

2024 жылдың ақпанында Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі қызметінен кеткен еді.  Ол бұл қызметте екі жыл отырды. 

Ол мемлекет басшысының әкімшілігінде жұмыс істеген, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Экс-министр еңбек жолын 2005 жылы Экономика министрлігінде бастаған. 2010 жылы  Әділет министрлігі департаменті директорының орынбасары болып, қызметтік сатыда көтерілді.  Кейін Индустрия министрлігінде, Президент әкімшілігінде жұмыс істеді. 2019-2021 жылдары –  бөлім басшысының орынбасары болған. Одан кейін Ұлттық экономика вице-министрі болды. Ол 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін министр қызметіне тағайындалды.