Жұмагелдиевтің сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
Күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық топ басшысы Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.