Әлеумет

Қара бетперде киген жігіт тағы бір ананы қуантты

Ол үш баласымен жалдамалы пәтерде тұрады

Қара бетперде киген жігіт тағы да бір ананы қуантты.

Бұл жолғы пәтер 3 баланың анасына бұйырды. Ол үш баласымен жалдамалы пәтерде тұрады. 14 жылдан бері еден жуып келеді. 

"Жақындарымыздың бірі ауырғанда бір ғажап сәтті күтеміз ғой. Сол сәт бүгін туды" деген  бетперделі жігіт үш балалы анаға жаңа үйдің кілтін берді. Тіпті қызын емдету үшін қаражат та бөлген. Ми ісігі ауруына шалдыққан қызын енді Түркияда емдете алады. Мұндай сәтті күтпеген ана қуаныштан көз жасына ерік берген.