сейсенбі, 8 шілде, 2025 16:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қонаевтағы жағажайда жас келіншек суға батып кетті

Қонаевтағы жағажайда жас келіншек суға батып кетті
Фото: Pixabay.com
Осыған байланысты қала әкімдігі мәлімет берді.

Демалыс күндері Қонаевтағы жағажайда жас келіншек суға батып кетті. Осыған байланысты қала әкімдігі мәлімет берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Алдымен қала әкімдігі суға батып кеткен қыздың отбасына, жақындарына қайғыра көңіл айтты.

7 шілде күні болған оқиғаға байланысты Қонаев қаласы полиция басқармасы ҚР ҚК 306-бабы, 3-тармағына (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  Қайғылы оқиға болған демалыс аймағының жұмысы уақытша тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, жергілікті органдар тарапынан демалыс орындарына, жағажайларға қатысты мониторинг жалғасуда.

Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер құзырлы органдарға шара қабылдау үшін жолдануда. Бұған дейін прокуратура, ТЖБ, әкімдік мамандары жағажайларда қызмет ететін кәсіпкерлермен бірнеше рет жүздесіп, барлық заң талаптарын түсіндірген болатын. Қонаев қаласында кез келген бағыттағы өтінішті, төтенше жағдайларды хабарлауға арналған 109 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеп тұр. Тұрғындар мен қонақтардан жағажайлар мен бизнес орындарының қызметіне қатысты арыздарды осы нөмір арқылы хабарлауларын сұраймыз.  Бұдан бөлек, елімізде 112 жедел желісі де жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек көз алдында бір жас келіншектің суға батып кеткенін жазған еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар