Қоғам

Прокуратура банк қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Заң бойынша резидент еместерге шоттарды қашықтан ашуға тыйым салынған.

Жетісу облысында прокурорлар банк қызметкерлерін тергеп жатыр. Заң бойынша резидент еместерге шоттарды қашықтан ашуға және төлем карталарын шығаруға тыйым салынған, ал Жетісу облысында керісінше банк қызметкері шет мемлекеттің азаматына оның жеке қатысуынсыз есепшот ашқан. Есепшот кейіннен интернет-алаяқтармен азаматтардан ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланған.

Банк Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214-бабының 4-бөлігі (қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы) бойынша жауапкершілікке тартылды. 1 000 000 теңгеден астам сомаға сот салған айыппұлды банк төледі.

Банк қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.