Бишімбаевтың соты өтіп жатыр
Сот отырысы әлеуметтік желілерде көрсетілуде
Астанада алқа билердің қатысуымен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ашық сот отырысы басталды.
Бишімбаев өз әйелі Салтанат Нүкенованы айуандықпен өлтірді деп айыпталуда.
Сот отырысы әлеуметтік желілерде көрсетіліп жатыр, ал сот алқабилердің жүзін көрсетуге тыйым салды.