Иран МАГАТЭ-мен әріптестігін жалғастыруға ниетті
Бұл туралы елдің СІМ басшысы айтты.
Күні кеше Ақ үй Иранның МАГАТЭ-мен байланысын үзгенін сынға алған еді.
Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа адал екенін растап отыр. Сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) өзара ынтымақтастықты жалғастыруға да ниетті. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи хабарлады.