Қайрат Нұртас жеке концертін Telegram арқылы көрсетпек
Танымал әнші Қайрат Нұртас тыңдармандарына жеке кешін өткізуіне қатысты ұсыныс айтты.
Өнер иесі Астанадағы концертін тікелей эфирден көрсетпек.
«Ассалаумағалейкум, менің сүйікті тыңдармандарым!
7 шілде күні Астана қаласында өтетін ән кешімді тікелей эфирде телеграмм арқылы көрсетілім жасасам қалай ойлайсыздар?
Иә немесе жоқ деген жауап қалдырыңыздар! Сіздер не айтасыздар сол болады», - деп жазды әнші.