Әлеумет

Астанадан Бодрумға рейс ашылады

Астанадан Бодрумға ашылған бағыт Air Astana әуе компаниясының Түркиядағы бағыттар желісін кеңейтеді.

Air Astana 19 шілдеден бастап Астанадан Бодрумға тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Астанадан Бодрумға ашылған бағыт Air Astana әуе компаниясының Түркиядағы бағыттар желісін кеңейтеді.

«Air Astana 2025 жылдың 19 шілдесінен бастап Астана – Бодрум бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосатынын хабарлайды. Рейстер аптасына екі рет, сәрсенбі және сенбі күндері, заманауи алыс қашықтыққа ұшуға арналған Airbus A321LR ұшағымен орындалады», – делінген хабарламада.

Компанияның айтуынша, елорда мен Бодрум арасындағы тұрақты рейстердің ашылуы жолаушыларға өз сапарларын ыңғайлы күндерге жоспарлап, билет брондау үдерісін жеңілдетеді. Авиабилеттердің екі жаққа қатынау құны эконом-класта 304 337 теңгеден басталады.