Батыс Қазақстан облысында арнайы комиссия су тасқынына байланысты қауіпсіз жерге шығарылған және апат салдарынан өлген мал санын нақтылау жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
БҚО әкімдігінің мәліметінше, облыста 26 наурыздан бастап Бөрлі ауданында Ақсу, Кеңтүбек, Қарағанды, Пугачев, Қаратөбеде Қоржын, Шалғын, Теректіде Аңқаты, Сырымда Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті ауылдарын су басты.
Құтқару жұмыстары кезінде 983 бас ірі қара (Теректі – 76, Сырым – 447, Бөрлі – 460), 1 814 ұсақ мал (Теректі – 128, Сырым – 731, Бөрлі – 955) және Бөрлі ауданында 31 бас жылқы қауіпсіз жерге айдалды.
Аудандарда құрылған арнайы комиссия өлген мал санын есептеу үстінде.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 91 бас ірі қара, 35 бас жылқы, 899 бас ұсақ мал (соның ішінде Сырым ауданында 43 ірі қара, 141 қой-ешкі, 10 жылқы, Теректіде 21 ұсақ мал, 1 жылқы, Бөрліде 42 ірі қара, 679 ұсақ мал, 2 жылқы, барлығы 1025 бас мал) және Қаратөбе ауданында 112 үй құсы шығынға ұшыраған. Өлген мал санын нақтылау жұмыстары жалғасуда. Облыста сондай-ақ 8 мал моласы (Қаратөбе – 1, Сырым – 6, Теректі – 1) және 14 түйнемеден өлген мал қорымы (Сырым – 13, Тасқала – 1) суға кетті», – деп хабарлады ведомстводан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Жазушы Сәбит Досанов өмірден озды
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024