бейсенбі, 3 шілде, 2025 15:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Аймағамбетов TikTok-тан түспейтін мұғалімдерге қатысты пікір айтты

Аймағамбетов TikTok-тан түспейтін мұғалімдерге қатысты пікір айтты
фото: скрин
Соңғы кездері мектеп директорлары әлеуметтік желіде әр түрлі тренд түсіруге көшкен.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Adal Adam YouTube арнасына берген сұқбатында мұғалімдердің қазіргі уақыттағы бет-бейнесі жөнінде маңызды сөз айтты, деп хабарлайды

Мен осы мәселені әріптестеріме айтқанда, олар: «Сенің ойың заманауи емес. Сен өзің жап-жассың, неге осындай нәрселерді айтасың?» – деген еді. Мүмкін, бұл консервативті көзқарас болуы мүмкін. Әрине, қазіргі уақыт – TikTok-тың, Instagram-ның, Netflix-тің заманы. Оны түсінеміз, бірақ бізде құндылықтар деген бар, мұғалімнің бейнесі деген бар, директордың өзінің бейнесі бар. Балаларға жақын болу өте маңызды. Мен өзім қазіргі уақытта ұстаздық қызмет атқарып жүрмін. Өзіміз оқушы кезімізде мұғалімдерді ерекше құрметтеп, тіпті дем ала алмай, тапжылмай отыратын сәттеріміз болды. Бәрі бірдей болған жоқ. Сондықтан ұстаздың бейнесі өте маңызды, имиджі өте маңызды, беделі өте маңызды. Оны күнделікті күлкіге, әзілге айналдыруға болмайды. Рилстің аты рилс, жұмысты көрсету керек, балалармен жақын қарым-қатынас болуы керек. Бірақ балалармен анекдот айтып, түрлі трендтен қалмаймын деп жүргені сұрақ туғызады. Әр нәрсенің реті болуы керек. Сол себепті бұл бағытта министрліктің өзіндік бір ұстанымы болуы керек, – деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, соңғы кездері мектеп директорлары әлеуметтік желіде әр түрлі тренд түсіруге көшкен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар