Қоғам

БАҚ-та сот процесінен кейін жарияланған жарияланымдар сотқа деген қысым ретінде бағалануы мүмкін – Көлбаева

Судья прокурордың өтінімін қолдады

Бишімбаевтың ісін қарап жатқан судья Айжан Көлбаева осы іс бойынша БАҚ-қа, әлеуметтік желіге шыққан материалдар «сотқа қысым ретінде бағалануы мүмкін» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.
 
БАҚ-қа шыққан материалдардың сот процесіне әсер ететінін алдымен, іс бойынша прокурор көтерген. Судья оның өтінімін қолдады.
 
«Сот процесіне қатысушылардан сұрайтыным: бұқаралық ақпарат құралдарында сот процесінен кейін жарияланған жарияланымдар сотқа деген қысым ретінде бағалануы мүмкін.

Сол себепті процеске қатысушылардың бәрін осындай әрекеттерден қалыс қалуға, өзінің процессуалдық құқығын сот залында пайдалануға шақырамын.

Себебі сот отырысынан тыс осындай жайттар алқа билерге қате түсінік қалыптастырып, істі объективті қарауға кедергі келтіруі мүмкін», - дейді судья Айжан Көлбаева.