Руханият

Төреғалидың "сахнадан кетемін" дегеніне әкесі пікір білдірді

"Алла берген тоқтатпа өнеріңді" деп жазды Төреғалидың әкесі әлеуметтік желіде.

Белгілі эстрада әншісі Төреғали Төрәлінің әкесі «сахнадан кетемін» деген ұлының шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz  Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жаңалықты оқып ап, не дерімді?

Сенбесімді білмедім сенерімді.

Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың,

Көп жастар алар еді сенен үлгі.

Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым,

Мен саған беріп келем берерімді.

Алла берген тоқтатпа өлеңіңді,

Алла берген тоқтатпа өнеріңді!», – делінген жазбада.

Айта кетейік, бұған дейін атышулы қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі сахнадан кететінін хабарлаған болатын.