Руханият

Жұмбақтасқа шығуға қатаң тыйым салынды

Аталған  шектеу табиғи ескерткішті сақтау және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі Жұмбақтас жартасына көтерілуге қатаң тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлады Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Аталған  шектеу табиғи ескерткішті сақтау және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

«Жұмбақтас — Бурабай курортының символына айналған ерекше табиғи нысан. Ол тек көркем келбетімен ғана емес, мәдени маңызымен де құнды. Енді Жұмбақтасқа көтерілуге қатаң тыйым салынады. Бұл — табиғатты қорғау ережелерін бұзумен қатар, өмір мен денсаулыққа төнетін тікелей қауіп.  Белгіленген шектеулерді сақтауға және Қазақстанның табиғи мұрасына құрметпен қарауға шақырамыз. Ережені бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», – делінген ресми хабарламада.