Медициналық тексерістен өткізбей, әскерге жіберген комиссар жауапқа тартылды
- авторОймақ
- Бүгін, 16:13
- 20

Қостанай облысы Лисаков қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.
Сот қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 26 сәуірде әскери комиссар әскери қызметке шақыру тәртібін бұзып, жас жігітті қалалық медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.
Кейін ол ұсталып, облыстық жинақтау пунктіне жеткізілген. Келесі күні медициналық тексеруден өтіп, әскери қызметке жарамды деп танылған. Бірақ Лисаков қаласы деңгейінде міндетті медициналық комиссия мүлде өткізілмеген.
Сот қорғаныс бөлімінің бастығының әрекетін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 651-бабы "Азаматтарды мерзімді әскери қызметке заңсыз шақыру" бойынша саралады. Істің мән-жайын, жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың жоқтығын ескере отырып, судья оған 66 844 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды, - делінген хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.