Әлеумет

Оттықпен ойнаймын деп, көлігін өртеп алды

Жүргізушіге қатысты іс қозғалып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өскемен қаласында жанармай құю бекетінде қорқынышты оқиға болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Ер адам көлігіне жанармай құйып жатқан кезде, бензобактың жанында оттықпен ойнаған.

Оттықты жағып, өшіріп тұрғанда бензин тұтанып, көлік өртке оранды.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Жүргізушіге қатысты іс қозғалып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.