жұма, 27 маусым, 2025 16:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үкіметтен атаулы көмек алып жүрген қалталы отбасы анықталды

Үкіметтен атаулы көмек алып жүрген қалталы отбасы анықталды
Фото: lsm.kz
Ондай 15 отбасы туралы бүгін сенатор мәлім етті.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Бекболат Орынбеков бір басында алтыдан 12 үйі бар бола тұра, үкіметтен атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген 15 отбасы барын мәлім етті. Айта кетейік, депутат осы мәселені көтере отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға атаулы әлеуметтік көмек мұқтаж жандарға емес, бай адамдарға да беріліп отырғанын айтты. Осылайша ол Еңбек министрінен «бұны тоқтату үшін не істейсіздер?» деп сұраған еді. Жақыпова тиісті бұйрыққа қол қойылғанын, сол арқылы енді АӘК алатын әр адам өзінің банк құпиясын ашуға рұқсат беруге келісуі керек екенін айтқан. Ал, жалпы депутаттың айтуынша, қазір үкіметті «алдап», мұқтаж емес болса да отбасының әр мүшесіне ақша алып отырған бай отбасылар бап, «Атаулы әлеуметтік көмек алып отырса да алты үйден 12 үйге дейін мүлкі бар 15 отбасы анықталды. Ал, 1,5 мың отбасының коммерциялық мүлкі бар болып шықты. Осыған қарап-ақ бұл саладағы қазіргі әдістерді түбегейлі өзгерту керек екенін түсінеміз», - дейді Сенат депутаты.
 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар