Қоғам

Бір күнде 2 адам суға батқан Сайран көлінің айналасы қоршалды

Бүгін су қоймасының маңына "Шомылуға тыйым салынады" деген ескерту жазулары бар темір қоршаулар орнатылды.

Көл маңында полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр, суға кіруге уақытша тыйым салынған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқару қайықтары жеткізілді. Нысан маңында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтар көл маңында серуендеп жүр.

Айта кетейік, кеше көл маңында қайғылы жағдай болды. 25 маусым күні Алматы қаласындағы Сайран көліне жасөспірім мен ересек ер адам батып кетті. Олар шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған 48 жастағы ер адам мас болған.

Алматы қаласының ТЖД Сайран көлінде шомылуға барлық құрылыс, санитарлық іс-шаралар аяқталғанға дейін және нысан ресми пайдалануға берілгенге дейін қатаң тыйым салынғанын хабарлады.