бейсенбі, 26 маусым, 2025 21:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мектеп директоры оқушыға Zeekr маркалы көлік сыйлады

Мектеп директоры оқушыға Zeekr маркалы көлік сыйлады
Фото: Рысбек Мәуіт парақшасынан
Астанада Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 балл жинаған Жанайым Рашидке жеке мектеп басшысы Zeekr маркалы электромобиль сыйлады.

Жанайым бұл емтиханға бір жылдан астам уақыт бойы жеке мектепте дайындалған. Жеке мектептің жетекшісі әрі ұстазы Рысбек Мәуіт үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін қызға заманауи Zeekr маркалы электромобиль табыстады. 

Мектеп өкілдерінің айтуынша, сыйлық беру туралы шешім оқушының қажырлы еңбегі мен басқа оқушыларға үлгі боларлықтай жігері үшін қабылданған.

“Жанайымның жетістігі – білімге деген құштарлық пен табандылықтың жарқын үлгісі. Ол мақсатына шын ниетімен ұмтылды. Ал бұл нәтиже оның сол еңбегінің өтеуі. Бұл көлік  – оның маңдай терінің жемісі. Оның жетістігі еліміздегі көптеген оқушыларға шабыт береді деп ойлаймын”, – деді Рысбек Мәуіт. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар