Руханият

Актер Еркебұлан Мырзабек ұлды болды

Ол туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Белгілі актер Еркебұлан Мырзабек әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті. Оның үшінші ұлы дүниеге келді, деп жазады Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

«Қош келдің мына өмірге балам. @erkesha_ рахмет жаным. Енді менде үш ҰЛ. Іс-сапарда, басқа елде жүріп осындай қуанышты хабар алып, мәз болып жатырмын. Фотода, ұлыммен алғашқы видеозвонок. Білмеймін не жазарымды… мәзбін, бақыттымын, қуанышым ішіме сыймай бара жатыр. Маған үшінші рет ұл сыйлаған келіншегімді құттықтаңдаршы», - деп жазған ол.

Актердің өнердегі әріптестері мен желі жұлдыздары жаппай құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.