Қазақстанда алғаш рет: Дания Корольдік театрының әртістері Алматыда эксклюзив бағдарлама қоймақ
Қазақстанда алғаш рет: Дания Корольдік театрының әртістері Алматыда эксклюзив бағдарлама қоймақ
1748 жылы негізі қаланған Еуропаның ең көне театрларының бірі Алматы сахнасында өнер көрсетпек.
«Дания корольдік театрының жұлдыздары Алматыда» деп аталатын гала-концерт – Қазақстан өнер әлеміндегі айрықша оқиға. Балет сүйер қауымға әлемдік классикалық және заманауи хореографияның озық үлгілері ұсынылмақ. Бағдарламада дат балетінің мақтанышы — Бурнонвиль техникасымен қойылған сирек спектакльдер де бар.
Бұл – жай ғана концерт емес, бұл – әлемдік балеттің бірегей жетістігін тамашалауға мүмкіндік беретін Қазақстан мен Еуропа арасындағы мәдени көпір.
Дания корольдік театры – Еуропадағы ең жетекші театрлардың бірі әрі әлемдегі ең көне театрлардың бірі. Әрі бұл театр әлемде бірегей саналатын Бурнонвиль стилімен танымал.
Концерт аясында шетелдік мамандардан балеттің қыр-сырын үйренуге мүмкіндік беретін, балаларға арналған воркшоп пен мастер-класс өтеді. Бұл жас таланттарды қолдау және мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.
Концерт 27 маусым күні Almaty Theatre-да өтеді. Басталуы: 19:00.