сәрсенбі, 25 маусым, 2025 16:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

LRT вагондарының сыртына біреулер граффити салып кеткен.

LRT вагондарының сыртына біреулер граффити салып кеткен.
Әлеуметтік желі
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Назарбаев әуежайы станциясында тұрған LRT вагондарының сыртына біреулер граффити салып кеткен.

Жолаушылар тасымалымен айналысатын City Transportation System компаниясы вандализм фактісін растады.

Вагондардың сыртына рұқсатсыз граффити салынғаны тіркелді. Бұл туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады компания өкілдері.

Вагондар арнайы қорғаныс қабатымен қапталғандықтан, бояу негізгі бетіне сіңбеген. Қазіргі уақытта сурет өшірілуде. Ал граффитиді кім салғаны әзірге белгісіз.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар