Наркенже Серікбаеваның айыптауына қатысты филармония басшысы жауап берді
Ол әншінің сөздерін жоққа шығарды.
Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншісі, ҚР Ерен еңбегі үшін медалінің иегері Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде ауыр айып таққан филармония директоры Ғалымжан Ерназаров жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.
Филармонияның ресми парақшасында жарияланған видеода директор әншінің сөздерін жоққа шығарды.
Ерназаров өнер иесі жұмысқа мүлде келмейтінін алға тартты.
Сонымен қатар филармония басшысы мамандығы атқаратын жұмысына сай екенін де алға тартты.