Air Astana әуе компаниясы Дубай мен Дохаға рейсті тоқтатты
Бұл бүгінгі күнге жоспарланған рейстер болатын.
Air Astana әуе компаниясы 23 маусымға жоспарланған бірден төрт халықаралық рейсті тоқтатты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл шешім Парсы шығанағы аймағындағы жағдайдың нашарлауына және Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты қабылданды.
Уақытша тоқтатылатын бағыттар мыналар: Атырау – Дубай – Атырау (KC191/192), Астана – Дубай – Астана (KC205/206), Алматы – Дубай – Алматы (KC897/898), сондай-ақ Астана – Доха – Астана (KC655/656).
Air Astana жағдайды мұқият бақылап отырғанын және рейстер кестесіне қатысты кез-келген өзгеріс туралы жолаушыларды жедел түрде хабардар ететінін атап өтті.