Саясат

Бүгін Президенттің төрағалығымен алқа отырысы өтеді

Оған құқық қорғау органдары қатысады.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

“Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады”, – делінген хабарламада.