Руханият

Үлыұпан Жолдасов әннің сөзіне мән бермейтін жас әншілерді сынға алды

Ол Садраддин орындап жүрген әнгі мысалға келтірген.

Әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов қазіргі жас әншілер әннің сөзіне мән бермейтініне ренішін білдірді, – деп жазды Oimaqnews,.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ұлықпан Жолдасов жас әнші Садраддин Болат орындап жүрген әнді мысал келтірген.

«Жүйке шыдамайды. Тыңдап отырған құлаққабымды лақтырып жіберемін. «Таңертең мас күйде, отырдым таксиге, анам мені күтеді ас үйде» дейді. Не әңгіме мынау? Не деген ән, не деген сөздер... Тіпті, біреулер боқтап жатыр. Солай атымды шығарамын деп ойлайды. Әнді де, басқаны да сайқымазақ етті. Тыңдайтын ән қалған жоқ. Кейбір әндер бар. Өте жақсы, күшті. Бірақ жақтарын шайнап айтады», - дейді Ұлықпан Жолдасов.