Саясат

Бүгін Мемлекет басшысы су тасқынына қатысты жиналыс өткізбек

"Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді. Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады", - деп жазылған хабарламада.