"Қабатов ажырасып кетті": әзілкештің жұбайы пікірін білдірген жоқ
- авторОймақ
- Бүгін, 14:53
- 27

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ажырасып кетті деген ақпарат осы күні желіде гуілдеп тұр. Оған әрине заңды жұбайы болған Мөлдір Мұқанованың жеке жүруі де себеп болса керек, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бірақ екеуі де әзірге ресми ешқандай жауап айтқан жоқ. Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына тек Мөлдір қатысты.
«Тұрсынбек екеуі ажырасып кеткен», «Күйеуі көрінбейді», «Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр екен», «Мөлдір неге үнемі жалғыз жүреді», «Тұрсынбектің арқасында шалқып жүр», «Мөлдір баяғының бақсылары сияқты», - деген пікірлер жиі жазылуда.
Әзілкештің жұбайы барлық пікірді жауапсыз қалдырып, тек «Әйел ашуланса құлпырады» деп жазған пікір иесіне: «Ол – рас», – деп жауап қайтарды.
Одан кейін Мөлдір Мұқанованың жас жігітпен ән салғаны қызу талқыға түсті. Арт-менеджердің орындауындағы әндер хитке айналып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.