бейсенбі, 19 маусым, 2025 16:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда балалар ғылыми музейінің құрылысы басталды

Алматыда балалар ғылыми музейінің құрылысы басталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Бұл бастама Қазақстандағы алғашқы интерактивті кеңістік болмақ

Жоба Сингапур Ғылым орталығы және музейлік шешімдер әзірлеу саласында тәжірибесі мол Kingsmen Exhibit PTE LTD компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімі Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан ірі ғылыми-білім беру жобаларының бірі – Балалар ғылыми музейінің құрылыс барысымен танысты. Бұл бастама Қазақстандағы алғашқы интерактивті кеңістік болмақ. Ол балалардың ғылым, технология, инженерия және математика салаларына (STEM) деген қызығушылығын ерте жастан дамытуға бағытталған.

Қазір нысанда бұзу жұмыстары аяқталып, техникалық сараптаманың қорытындысына сай құрылымдарды күшейту жұмыстары басталды. Құрылыс барысын Алматы қаласы әкімдігінің салалық басқармалары мен білім беру, сондай-ақ ESG-интеграция салаларындағы халықаралық сарапшылар бірлесе қадағалап отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар