Әлем

Әлемдегі бес елдің халқы аштықтан қырылуы мүмкін

Табиғи апаттардың жиілеуі де ахуалды ушықтырып тұр.

Әлем бойынша бес елдің халқы аштықтан қырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған баяндамаға сәйкес, Судан, Палестина, Оңтүстік Судан, Гаити және Малидегі қарулы қақтығыстар гуманитарлық көмекті жеткізуге кедергі келтіріп тұр.

Бұдан бөлек қаржы тапшылығы мен табиғи апаттардың жиілеуі де ахуалды ушықтырып отыр.

Сондай-ақ Йемен, Конго Демократиялық Республикасы, Мьянма, Нигерияға да халықаралық қауымдастықтың көмегі қажет дейді сарапшылар.