Қоғам

Сәуірден бастап Шымкент әуежайы күндіз жұмыс істемейді

1 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент әуежайы 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді

1 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент әуежайы 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы SCAT әуекомпаниясы хабарлады.

Әуекомпанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады. Сондай-ақ әуежайға барар жолда жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын ала келіп, кептеліске түспеу үшін көліктерін жаңа терминалдың тұрағында қалдырғаны жөн», - деді әуекомпаниядан.