ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушыға мектебі пәтер сыйлады
Айша Сатыбалды ҰБТ-тан 140 балл жинаған еді.
2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) аясында ең жоғары нәтиже – 140 балл – тағы бір үздік оқушының еншісіне тиді. Бұл жолы рекорд Алматы қаласының түлегі Айша Сатыбалдыға тиесілі. Ол тек білімін дәлелдеп қана қоймай, нағыз қаһарманға айналды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айша – 125 High School жеке мектебінің түлегі. Ол ҰБТ-ға дайындықты 10-сыныптан бастап мақсатты түрде қолға алған. Екі жыл бойы барлық пәндерді жүйелі түрде оқып, ҰБТ-да бейіндік пәндер ретінде дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілін таңдаған.
«Емтихандағы сұрақтар аса қиын болған жоқ. Барлығын жоспарлы түрде оқып, ештеңені назардан тыс қалдырмауға тырыстым», – дейді Айша.
Мұндай ерекше жетістік ескерусіз қалған жоқ. Мектеп басшылығы Айшаның еңбекқорлығы мен мақсаткерлігін жоғары бағалап, оған Алматыдан пәтер сыйлады. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, оқушылардың еңбегін бағалаудың жарқын үлгісіне айналды.
Айта кету керек, Айша – биыл 140 балл жинаған жалғыз оқушы емес. Бұған дейін дәл осы нәтижеге Шымкент қаласынан Жанібек Асқарұлы да қол жеткізген болатын. Осылайша, 2025 жылы екі оқушы бірден ҰБТ тарихына рекорд орнатқан түлектер ретінде енді.
Реклама