«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ МЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ» ФОРУМЫ ӨТТІ
- авторОймақ
- 16 маусым, 2025
- 35

Алқалы жиынға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісініңдепутаттары Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Абзал Құспан, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдеріқатысты.
Форумда аймақ басшысы қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылғанжұмыстарға тоқталып, алдағы бірлескен маңыздыміндеттерді айқындады.
«Биыл 1 сәуірде Үкімет қаулысымен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітіліп, нақтыміндеттер белгіленді.
Өңірімізде «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асырудаоблыс прокуроры Ризабек Кәрімұлымен бірлесіп кешендішараларды қолға алып, жаңа бастамаларға үздіксізқолдау көрсетіп келеміз.
Құқық қорғау органдарымен бірлесе жүргізілген кешендіәрі үйлесімді шаралардың нәтижесінде өңірімізде ахуалтұрақты. Статистикалық ақпараттардысалыстырмалы түрде қарасақ, аймақта 2015 жылы 6 мыңға жуық қылмыс тіркелген болса, нақты жұмыснәтижесінде бұл көрсеткіш 1158-ге дейін азайды. Соңғыүш жылда құқық бұзушылық көрсеткіші едәуірқысқарды.
Бүгінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық саны бойынша Қызылорда облысы республикадағы ең төменгіпозицияда, яғни 20 өңірдің ішінде 19-шы орындамыз. Біздің міндет – тек көрсеткішті ғана емес, құқықбұзушылықты тұрақты түрде төмендету.
Жол-көлік оқиғаларын азайтуда жол инфрақұрылымындамытуға басымдық бердік. Түрлі гаджеттер мен смартфондағы бағдарламалар көмегімен жасалатыналаяқтық, кибершабуыл схемалары сәт сайын өзгеріпжаңаруда. Қаржы пирамидалары, лудомания, интернет буллинг азаматтарды қиын жағдайда қалдыруда.
Мүдделі құқық қорғау органдары қолда бар ресурстарменшектелмей, қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қоятынжаңа тетіктерді дамытуы тиіс. Осы бағыттағықылмыстарды анықтауда жасанды интеллекттіпайдалану – орнықты шешімнің бірі. Бүгінгі форум – біздің алдағы жұмыстарымызды жаңа формациядажүргізуге өз септігін тигізеді деп сенемін», – дедіН.Нәлібаев.
Басқосуда облыс прокурорының орынбасары НұрболатДүйсенбаев, Парламент Сенатының депутаты НаурызбайБайқадамов, мемлекет және қоғам қайраткері ОразкүлАсанғазы, Парламент Мәжілісінің депутаттары МұратӘбенов пен Абзал Құспан сөз сөйлеп, форум жұмысынасәттілік тіледі.
Құқық бұзушылықтардың алдын алуда ерекше белсенділіктанытып, киберкеңістіктегі заңсыз әрекеттердің жолынкесуге үлес қосқан мамандарға облыс әкімінің сыйлықсертификаттары мен облыс прокурорының Алғыс хаты табысталды.
Соңғы үш жылда полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен 8 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлінді. Биыл бұл мақсатқа 2 млрд. 800 млн. теңге қаралып, заманауи құрылғылармен, жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Республикада алғашқы болып облыстың барлық ауданындаполиция бөлімдерінің Жедел басқару орталықтары ашылды. Қауіпсіздікті күшейту, жедел әрекет ету мақсатындабейнебақылау камераларының желісі көбейтілді.
Барлық ауданға құны 2 млрд. 200 млн. теңге болатын 539 бейнебақылау, 49 жылдамдық өлшейтін камера орнатылды. Соңғы жылдары полиция қызметкерлеріне замануиқұрылғылармен жабдықталған 128 жаңа автокөліктабысталды.
Биыл тағы 31 қызметтік автокөлік тапсырылып, арнайықұрал-жабдықтар көбеймек. Бұл мақсаттағы жұмыстаралдағы уақытта да жалғасын табады. Ашықтық қағидатынасәйкес қала, аудандарда құқық қорғау органдарыныңбірінші басшыларымен бірге қоғамдық қабылдаулартұрақты өткізіліп келеді. Бұл өз кезегінде тұрғындардыңмемлекеттік органдарға деген сенімділігін арттырып, әділетті қоғам құруға тың серпін бермек.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.