жұма, 22 қараша, 2024 19:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызылордада егіз баласын сатпақ болған ана сотталды

Қызылордада егіз баласын сатпақ болған ана сотталды
фото ашық дереккөздерден
Облыстық соттың мәліметінше, сотталушы Д. егіз баласы болатынын біліп, оларды сатуға шешім қабылдаған.

Қызылордада  сұмдық оқиға орын алды. Облыстық соттың мәліметінше, сотталушы Д. егіз баласы болатынын біліп, оларды сатуға шешім қабылдаған. Қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін өзінің достары ерлі-зайыпты Ж. және К.-мен кездесіп, босанғаннан кейін балаларын ақшаға беруге келісетінін айтқан.

“Келісім бойынша ерлі-зайыптылар айыпталушыға 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары үшін дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алу үшін 60 000 теңге аударған. 2023 жылдың сәуір айында босанғаннан кейін айыпталушы жаңа туған балаларын ерлі-зайыптыларға тапсырып, 200 000 теңге алған. Содан кейін “сатып алушылар” келіскен соманы бөліп төлеуге келісіп, оған 252 000 теңге және тағы 34 000 теңгені бөлек аударған. Осылайша, айыпталушы Д. ерлі-зайыптылардан небәрі 546 000 теңге алған", – делінген хабарламада.

Кейінірек айыпталушы мен ерлі-зайыптылар нотариусқа жүгініп, балалардың биологиялық анасы оларды асырап алуға және кейіннен қорғаншылық жасауға келісімін берген.

"Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен балаларын сатқан сотталушы Д., кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар Ж. К., кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген сот хабарламасында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар