Химия өнімдерінің экспорты артып келеді
Еліміздің химия өнеркәсібінде 1093 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ірісі – 12, орташасы – 21 және шағыны – 1060, бұл шағын өндірістердің басым екенін және шоғырландыру мен жаңғырту әлеуетін көрсетеді. Бұл туралы Үкімет мәлімдеді
— 2019-2024 жылдар аралығында химия өнеркәсібіне 1,7 трлн теңге инвестиция — негізінен жеке инвестиция салынды. 2025 жылдың басынан бастап салаға салынған инвестициялар көлемі 50,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен — 2,6 млрд теңге және жеке инвестициялар есебінен — 48,1 млрд теңге салынды, — делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда химия саласы әртүрлі бағыттағы химиялық өнімдердің 240-тан астам аталымын шығарады, олардың арасында агрохимия маңызды орын алады.
08:52, 13 Маусым 2025 | GMT +5
Елімізде химия өнімдерінің экспорты артып келеді
АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің химия өнеркәсібінде 1093 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ірісі – 12, орташасы – 21 және шағыны – 1060, бұл шағын өндірістердің басым екенін және шоғырландыру мен жаңғырту әлеуетін көрсетеді. Бұл туралы Үкімет мәлімдеді.
— 2019-2024 жылдар аралығында химия өнеркәсібіне 1,7 трлн теңге инвестиция — негізінен жеке инвестиция салынды. 2025 жылдың басынан бастап салаға салынған инвестициялар көлемі 50,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен — 2,6 млрд теңге және жеке инвестициялар есебінен — 48,1 млрд теңге салынды, — делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда химия саласы әртүрлі бағыттағы химиялық өнімдердің 240-тан астам аталымын шығарады, олардың арасында агрохимия маңызды орын алады.
— Агрохимия секторы шығарылатын өнімнің жалпы көлемінің 22,5%-ын қамтамасыз етеді әрі бүкіл саланың өсуінің негізгі қошғаушы күші ретінде қызмет етеді. Бұл халық санының өсуіне және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аграрлық өнімге әлемдік сұраныстың артуына, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту қажеттілігіне байланысты, — деп жазды Үкіметтен.
2024 жылы Қазақстан химиялық тауарлардың 205 түрін экспорттады. Қазақстандық химия өнімдерін негізгі импорттаушы елдер — Қытай, Ресей және Вьетнам. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында ірі өндірістерді: полиэтилен, карбамид өндіру зауыты — «ҚазАзот Prime» ЖШС, бутадиен және оның өнімдерін өндіру бойынша — «Бутадиен» ЖШС, сондай-ақ тазартылған терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндірісі жүзеге асыру басталды.
Калий және фосфорит кен орындарын игеру бойынша жобалар белсенді жүзеге асырылып отыр. Негізгі инвесторлардың қатарында QazaqKalium Ltd және SRPM (БҚО-дағы «Сатимолла» кен орны), сондай-ақ фосфориттер саласында — «Еврохим-Қаратау» ЖШС (аммофос және NPK), «Созақ-Фосфат» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС бар. Сала экономикаға мультипликативті әсер етеді — ол ТМК, қышқылдар, катализаторлар, бояу материалдары, химиялық реагенттер мен тыңайтқыштар өндірісімен тығыз интеграцияланған.